Шетелдік валюта апта аяғында қаншадан саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды. 

валюта
Коллаж: Kazinform / Freepik

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 453,97 теңгеден сатып алынады, 460,99 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 523,96 теңге, сату — 533,97 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,09 теңге, сату — 5,30 теңге;
— юань 68,67 теңгеден сатып алынады, 72,61 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 456,05 теңге, сату — 458,28 теңге;
— еуро: сатып алу — 529,25 теңге, сату — 534,55 теңге;
— рубль 5,15 — 5,26 теңге аралығында саудаланады.
— юань 68,25 — 70,59 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 3 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,47 теңгеге өсіп, 455,86 теңге болды.