Шетелдік валюта қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 484,07 теңгеден сатып алынады, 490,91 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 558,07 теңге, сату — 567,93 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,24 теңге, сату — 6,55 теңге;
— юань 69,14 теңгеден сатып алынады, 74,04 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 487,30 теңге, сату — 489,37 теңге;
— еуро: сатып алу — 559,77 теңге, сату — 565,05 теңге;
— рубль 6,39 — 6,52 теңге аралығында саудаланады.
— юань 70,68 — 73,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 18 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,5 теңгеге түсіп, 487,73 теңге болды.до