Шетелдік валюта қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 450,70 теңгеден сатып алынады, 457,70 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 502,70 теңге, сату — 512,70 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,24 теңге, сату — 5,44 теңге;
— юань 66,37 теңгеден сатып алынады, 70,44 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 452,31 теңге, сату — 454,71 теңге;
— еуро: сатып алу — 505,21 теңге, сату — 510,04 теңге;
— рубль 5,21 — 5,33 теңге аралығында саудаланады.
— юань 67,37 — 70,06 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 15 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,93 теңгеге өсіп, 454,14 теңге болды.