Шетелдік валютаны қаншадан айырбастауға болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Доллар в Иране достиг исторического максимума
Фото: Анадолу

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 461,91 теңгеден сатып алынады, 468,80 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 540,95 теңге, сату - 550,95 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,09 теңге, сату - 6,40 теңге;
- юань 66,94 теңгеден сатып алынады, 72,92 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 464,38 теңге, сату - 466,82 теңге;
- еуро: сатып алу - 543,03 теңге, сату - 548,17 теңге;
- рубль 6,09 - 6,21 теңге аралығында саудаланады.
- юань 68,40 - 71,02 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 12 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,33 теңгеге өсіп, 463,91 теңге болды.