Шетелге ақшаны заңсыз шығарғандарды жауапқа тарту қиын - Қаржы министрлігі
«Валюталық түсімді қайтармағаны үшін қылмыстық жауапкершілік ҚР ҚК-нің тек бір ғана бабында қарастырылған. Алайда осы баптың өзімен жауапкершілікке тарту проблемалы болып отыр. Себебі кінәлі адамның пиғылын дәлелдеудің қиындығы тұрғысында, баптың редакциясы осы құбылыспен толыққанды күресуге мүмкіндік бермейді», - деді Ділдәбеков валюталық бақылау мәселесіне арналған жиында.
Осы орайда ол тіркелген статистикалық мәліметтерді атады.
«Бізде 2013-2014 жылдары сол кездегі қаржы полициясы органдарымен 24 іс қозғалып, оның ішінде ешбір іс аяқталмады және сотқа жолданбады. 2015 жылдан 2017 жыл аралығында Мемлекеттік кірістер комитетімен шетелден қаржының қайтарылмауына қатысты 239 факті тіркелді. Яғни, 239 фактінің ішінде 102-сі қылмыс құрамының құрамының жоқтығынан тоқтатылды. Сотқа тек екі іс қана бағытталды», - деді Уәлихан Ділдәбаев.