Шетелге қарағанда Қазақстанда органдарды ауыстыру арзанға түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелге қарағанда Қазақстанда органдар мен тіндерді ауыстыру құны біршама арзанға түседі. Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен мәлім етті.
None
None

«Мәселен, Қазақстанда жілік майын алмастыру 31 мың АҚШ долларын, ал шетелде 120-дан 280 мың АҚШ долларына дейін, жүрек трансплантациялау 90-95 мың АҚШ долларын, шетелде 150-450 мың АҚШ долларын, бүйрек алмастыру 17,5-24,5 мың АҚШ долларын, шетелде 40-50 мың АҚШ долларын, бауыр алмастыру 35-45 мың АҚШ долларын, шетелде 120-150 мың АҚШ долларын құрайды», - делінген ведомство жауабында.

Сондай-ақ министрлік ақпаратына қарағанда, Қазақстан аумағында жүрген шетелдіктер қоршаған ортаға қауіп төндіретін ауыр ауруға душар болған жағдайда медициналық көмектің тегін кепілдендіріген көлемі аясында ақысыз дәрігерлерге қара алады. Сонымен қатар олар жіберген тараптардың, азаматтардың жеке қаржысы, кәсіпорындардың, ұйымдардың қайырымдылық жарналары есебінен де ақылы медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндіктері бар.

Соңғы жаңалықтар