Шетелге шығатын азаматтар есепке алынатын болады - Ж.Досқалиев
АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Шетелге шығатын азаматтар есепке алынатын болады.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда еліміздегі туристік агенттіктермен байланыс орнатылған. Енді аталған ұйымдар шетелге шығатын қазақстандық азаматтардың толық тізімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынатын болады. Сондай-ақ шекара қызметтеріне тиісті тапсырмалар берілді. «Бүгінде біз қала тұрғындарын негізгі топ ретінде бақылауға алып отырмыз», - дейді Ж.Досқалиев.