Шетінеген нәрестенің ішкі дене мүшелері жоғалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу түбіндегі Клин перзентханасында жаңа туған нәрестенің мүшелері кесіліп алынған. Іс тергелуде. Шетінеген ұл баланың денесін ашқан сарапшылар оның жүрегін, бауырын, тілін таппаған.
2014 жылдың қазан айында әйелдің дүниеге келген нәрестесі бір тәулік өтпей шетінеп кетті. Перзентхана дәрігерлері қолдан келгеннің бәрін істегенін, бірақ баланың жүрегі мен өкпесі жұмыс істемей қалғанын алға тартқан.
Бұл ретте қайтыс болу туралы анықтамада ішкі органдар патологиясының суреттелуі болмады, ал УДЗ маманының жасаған қорытындысында шарананың пайда болу мерзімі дұрыс жазылмаған. Қағаздарда қолтаңбалар мен қажетті мөрлер болмады. Ал баланың денесін ашу қорытындылары анасын күйзелтті, деп жазады Утро.ру.