«Шеткері түпкірден шыққан миллионер» фильмінде ойнаған балаларға пәтер берілді

МӘСКЕУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – Сегіз бірдей «Оскар» сыйлығын иеленген «Шеткері түпкірден шыққан миллионер» фильмінде ойнаған үндістандық балаларға Мумбаидан пәтерлер берілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап. Азхаруддин Исмаил Шейх Хан мен Рубина Рафик Асгар Әли Күрейш фильм кейіпкерлері Джамал мен Латика тәрізді Мумбаидың шеткері түпкірінде тұрады. Азхаруддин мен Рубина олардың балалық шағын сомдады. Азхаруддиннің әкесі ескі жиһаз сатады, ал Рубинаның әкесі - ағаш шебері. Кеше кеште Махараштра штатының бас министрі Ашок Чаван Азхаруддин мен Рубинаның отбасыларына арнайы қордан пәтерлер беретінін жариялады. Бүкіл әлемге даңқы жайылған балаларға пәтер беруді Чаваннан «Үнді ұлттық конгресі» партиясы сұраған көрінеді. Оның президенті Соня Ганди дүйсенбі күні фильмді жасауға қатысқан үнділік команда қатысушыларын құттықтады. Фильмнің үш «Оскарды» жеңіп алуына үнділіктер еңбек сіңіргенін айта кету қажет. Картина үнділік мегаполис ? Мумбаидағы қайыршы баланың «Кім миллионер болғысы келеді?» ойынына қатысып, жеңімпаз болғаны туралы баяндалады.
Соңғы жаңалықтар