Шетсіз қала: Алматыда жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін data деректерін қолданады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) жергілікті офисінің бірлескен бастамасы мен қолдауының арқасында пандемия кезеңінде Алматы әкімдігі GPS арқылы қала бойынша қозғалыс белсенділігін бағалау жобасы іске қосылды. Бұл жоба туралы онлайн брифинг барысында қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты.

Шетсіз қала: Алматыда жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін data деректерін қолданады

«Халықаралық қаржы корпорациясымен бірлескен осы жобада біз қаладағы пандемияға дейінгі азаматтардың белсенділігі бойынша жағдайдың қандай болғанын, пандемия кезінде және осы кезең аяқталғаннан кейін жағдайдың қалай болатынын бағалау және түсіну өте маңызды болғанын атап өткіміз келді», - деді Б.Қоңырбаев.

Сондай-ақ, ол жоба нәтижелері қаланың барлық белсенділігінің неғұрлым түсінікті етіп бөлінуін түсінуге көмектесетінін, соның негізінде көлік стратегиясын, велостратегияны, сондай-ақ коммерциялық бағыттарды дамыту бойынша нақты шешімдер қабылдауға болатынын атап өтті.

«Пандемияға дейін бізде орын ауыстыру болды, аурудың асқынған кезінде қозғалыс төмендеді, содан кейін біз экономиканы қалпына келтірудеміз. Бізге осы процестердің дамуын түсіну өте маңызды, осының негізінде біз интуитивті қабылдау мен тәжірибеге емес, нақты сандарға сүйеніп, қаланың одан әрі дамуын құра аламыз», - деді Б.Қоңырбаев.

Жоба бойынша жұмыс барысында 10 жұмыс сессиясы өткізілді, жеке компаниялардың, әкімдіктің ведомстволық бағынышты ұйымдарының, мемлекеттік органдардың өкілдерінен қосымша 30-дан астам адам тартылды.

Қаралған ірі жобалардың ішінде қаланың велоинфрақұрылымы мен жаяу жүргіншілер жолы, сауда нысандарын анықтау, қоғамдық кеңістіктер мен саябақтар, көліктік-ауыстырып мінгізу тораптары бар.

«Ең бастысы, біз жаңа бағыт құрған кезде – «Алматы-2050» Даму Стратегиясында қала цифрландыру призмасы арқылы деректерге негізделген қала болуы тиіс екенін түсінуіміз керек. Яғни, ең бастысы - қолданбалы, негізделген жобаларды құру», - деп түсіндірді ол.

Спикердің айтуынша, Алматы қаласының велостратегиясын әзірлеу үшін дайын қолданбалы шешімдер бар. Сонымен қатар, одан әрі талдау үшін ашық деректер жиынтығын жүктеу мүмкіндігі бар жалпы интерфейс жасалды. Бұл шешімдер өңделіп, digital-almaty.kz порталына халық үшін ашық қол жетімділікпен орналастырылды.

Жобаның нәтижелері IT-қоғамдастыққа және озық мамандарға қолжетімді, олардың арқасында олар өз құзыреттерін ұлғайта алады және болашақта қала мен бизнеске ұзақ мерзімді перспективада пайдалануға болатын жаңа әзірлемелер жасай алады.

«Біз жаяу жүргіншілер стратегиясын, көлік стратегиясын дұрыс әзірлеуімізге, ең бастысы, коммерциялық және қоғамдық кеңістіктер үшін даму жоспарлары мен дағдарыстық іс-шараларды әзірлеуге назар аударамыз. Яғни, бұл біз үшін қазір негізгі бағыт болып табылатын бағыт, ол «Алматы-2050» Даму стратегиясында жазылған. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, біздің тұрғындар үшін қолайлы қоршаған орта жағдайлары қала әкімшілігі үшін ең негіз қалаушы бағыттардың бірі», - деп атап өтті Б.Қоңырбаев.