Шейх Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа: Сізді үлкен ағамыз санаймыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынасты жандандыра түсу қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер өткізген Әбу Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаян айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шейх Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа: Сізді үлкен ағамыз санаймыз

«Біз сізді үлкен ағамыз деп санаймыз. Сіздің үлкен тәжірибеңіз бар. Қазақстанда орын алып жатқан өзгерістерді осыдан отыз жыл бұрын бұлай болады деп ешкім де ойлаған емес. Ал Қазақстан осы аймақтағы ең маңызы, ең беделді мемлекетке айналды. Бұл сіздің кемеңгер саясатыңыздың жемісі», - деді ол.

nullМұрагер ханзада екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан ары жандандыра түсіру қажеттігіне де тоқталды.

«Себебі бізде айрықша қарым-қатынас орнаған. Өзіңізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, еліңізге тұрақтылық және одан ары даму мен өркендеу тілейміз. Біз, әмірліктегі бауырларыңыз қандай қолдау қажет етсеңіз, оны орындауға дайынбыз. Сіз әмірліктерге жиі келесіз және сіздің әр сапарыңыз біз үшін үлкен қуаныш», - деді шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаян.