Шейх Мұзафар Шукор: Ғарышта Қазақстанның уақытымен намаз оқыдым

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Малайзиялық астронавт, доктор Шейх Мұзафар Шукор ғарышта болған тоғызыншы мұсылман. Ол ғарышта қалай құлшылық етуге болатынын көрсетіп берді.
None
None

«Әркім ғарышқа ұшқанда әйтеуір бір ғажайып дүниеге кезігеді. Ғарыштағы сапарым қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп, сапар кезінде ғарыш стансасынан азанның даусын естідім», - деді ол Anatolia ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

«Ораза мен ғибадат уақыты ғарыштың қай тұсында болғаныңызға байланысты. Ғарыш кемесі Қазақстаннан ұшырылғандықтан біз осы елдің уақытын басшылыққа алдық. Мен бес уақыт намазымды осы елдің уақытымен оқыдым. Ал жүзімізді Жерге, яғни Мекке тарапына бұруыңыз керек. Ал біздің ғарыш стансамыз жүзіңді Жерге қаратуға болатындай бағытта тұрды», деді ол сөзін толықтырып.

muslim.kz сайтының жазуынша, бұдан басқа олар ғарыш кеңістігінде обыр жасушасымен жұмыс істеген. Олар тәжірибенің 80 пайызын аяқтаған көрінеді. «Нәтижесін кейін айтатын боламыз», - деді ол сөзінің соңында.

Соңғы жаңалықтар