Шейх Тәмим Мемлекет басшысын футболдан әлем чемпионатына шақырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты футболдан әлем чемпионатына шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымыздағы айдың соңында Қатарда футболдан әлем чемпионаты басталады. Осы ретте Қазақстанның футбол жанкүйерлерін әлемдік доданы тамашалауға шақырамын. Сондай-ақ, бүгін мен Президент мырзаға да футболдан әлем чемпионатын көруге шақыруымды жеткіздім. Сол уақытта Қазақстанда Президент сайлауы өтетіндігін білемін. Дегенмен, Сізді осы чемпионатқа келеді деп үміттенемін», - деді Қатар Әмірі Ақордада Қазақстан Президентімен кездесуден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде.

Айта кетейік, бүгін Ақордада өткен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді қазақ-қатар қарым-қатынасын тұрақты дамытуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін еліміздің ең жоғарғы наградасы – «Алтын қыран» орденімен марапаттаған еді.


Фото : t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар