Шие құяң ауруына бірден-бір ем болады

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Бостон университетінің ғалымдары шиенің адамды құяң талмасы ауруынан қорғайтынын анықтады.

Шие құяң ауруына бірден-бір ем болады

Жаңа зерттеудің қорытындысына қарағанда, буындарына тұз жиналатын адамдардың шиені күніне үш мезгіл жегені дұрыс. Бұл туралы «Алаш айнасы» газеті хабарлайды.

Ресейлік «Новости» агенттігінің хабар­лауын­ша, дәрігер Юйцин Чжаң бастаған ғы­лы­ми топ құяң талмасына ұшыраған 633 науқасты тестілеуден өткізген. Олардың орташа жас шамасы - 54-те, 78%-ы - ерлер. Сынақ барысында науқастардың ас мәзіріне 10-12 түйір шиеден тұратын порция қосылып тұрды. Сонымен бірге шие шырыны да беріл­ді. Тәжірибе кезінде талма, әсіресе бас баш­пай­дың құрысуы 1247 рет тіркелген. Ал зерт­теуге дейінгі талма деректері бұдан әлдеқайда көп болған екен. Ғалымдардың айтуынша, шиені күніне үш мезгіл тұтынған науқас­тар талып қалуды сиреткен. Мұның құпиясы: шие сөлі зәр қышқылы тұздарының ұлпаларда қордалануына жол бермей, қабынуларға қарсы тұрады.