Шиелі ауданында 3 адам коронавирус жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Вирусты жұқтырғандардың үшеуі де Шиелі ауданында тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Жедел штабқа сілтеме жасап.

Шиелі ауданында 3 адам коронавирус жұқтырды

Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы алдын-алу шаралары ұйымдастырылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
24.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жалпы 164 адам жұқтырған.