Шиелі ауданында ірі қара басы 39262-ге жетті - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Шиелі ауданында биылғы тамыздың 1-інде мал басының былтырғы жылғы осы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өскені байқалады. Атап айтқанда, мұнда қазір ірі қара 39262, қой-ешкі 124944, түйе 892, жылқы 6910, құс 42800 басқа жетіп отыр.

Шиелі ауданында ірі қара басы 39262-ге жетті - Қызылорда облысы

Ауданда (тірілей салмақта) 2430,6 тн. ет, 9336,5 тн. сүт, 77,5 тн. жүн, 1534 мың дана жұмыртқа өндірілген, барлық өнім түрлерінен өсім бар.