«Шығын 218 млн теңге». Абай облысында 18 барымташы ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысында мал ұрлығына қарсы күрес күшейтілді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мал ұрлығы
Фото: Polisia.kz

Жыл басынаны бері, яғни 10 айда 18 адам ұсталды. 2024 жылдың он айында Абай облысында 94 мал ұрлығы оқиғасы тіркелген. Оның 85%-ы еркін жайылымда орын алған, бұл ұрлық қаупін айтарлықтай арттырады. Ұрлық нәтижесінде жалпы шығын 218,8 млн теңгені құрап, оның 120,8 млн теңгесі өтелді.

— Тергеу барысында мал ұрлығына қатысы бар 18 адам ұсталды, олардың 11-і 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. Облыс полициясы мал ұрлығына қарсы күресті белсенді түрде жалғастыруда, бұл жұмыс қатаң бақылауда, — делінген облыстық ПД таратқан ақпаратта.

Қылмыстардың негізгі себептерінің бірі — малдың еркін жайылымда қараусыз қалуы, бұл ұрлыққа жағдай жасайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы облысында мал ұрлығына қарсы ауқымды жоба басталды.

Соңғы жаңалықтар