Шығыс Қазақстан аумағының 32 пайызын қар алып жатыр
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында қар қарқынды ери бастады.
«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметінше, облыс аумағындағы қар жамылғысы 32%-ға дейін қысқарды. Глубокое, Марқакөл және Алтай аудандарында қардың биіктігі 20-дан 43 см-ге дейін төмендеген.
— Ірі өзендердің арналары мұз құрсауынан ашылды. Су деңгейі қауіпті межеден төмен. Гидротехникалық құрылыстар тұрақты бақылауда. Бұқтырма су қоймасында мұз қабатының әлсірегені байқалады, — делінген ақпаратта.

Қазір өзендердің арнасынан асуы, тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтарды су басуы тіркелген жоқ.
— Өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жалғасып жатыр. Су деңгейлерін бақылау гидропосттар желісі арқылы жүзеге асырылады. Су тасқыны қаупі бар учаскелерге әуеден мониторинг жүргізіледі. Қазірдің өзінде 7 аэровизуалды бақылау жүргізілді, — деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, осыған дейін еліміздің төрт өңіріне су тасқыны мен қар көшкіні қаупі төніп тұрғаны хабарланған.