Шығыс Қазақстанда 3 адамға иіс тиді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында иіс тиген 3 адам ауруханаға жатқызылды.

пеш
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ұлан ауданы Гагарин ауылындағы жер үйде болған.

Үй иесі мұржаны уақтылы тазаламаған. Соның салдарынан улы газ шығып, бөлмелерге тарап кетті.

«1966 және 1991 жылы туған екі ер адам мен 1967 жылғы әйелге иіс тиді. Олардың барлығы шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар халықты пешті жылыту кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Пешті үш айда кемінде бір рет күлден, ыстан тазартып отыру керек.

Астана мен Санкт-Петербург арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды
Ұқсас жаңалықтар

Астана мен Санкт-Петербург арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды