Шығыс Қазақстанда 7 баласына алимент төлемеген әйел сотталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында балаларына 10 млн теңге алимент төлемеген әйелге қатысты сот үкімі шықты.

БҚО тұрғыны 11 млн теңге пәтер құнын сот арқылы өндіріп алды
Фото: pexels.com

Осыған қатысты сот ісі ШҚО Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Бірнеше жыл бойы 7 баласына алимент алимент төлемей келген айыпталушының берешегі 10 млн теңгеге жеткен.

- Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ол бір жылға бас бостандығынан шектелді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңір полицейлері алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген 9 адамға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Олардың сегізі бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Еске салсақ, осыған дейін Риддерде алимент төлемеген адам түрмеге қамалғаны жайлы жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар