Шығыс Қазақстанда «А» гепатитіне шалдыққандар саны артты

аурухана
Фото: Pexels

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында осы жылы «А» вирусты гепатитіне шалдыққандар саны 16 пайызға артты.

Жыл басынан бері өңірде «А» вирусты гепатитімен 45 адам ауырған.

Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 38 адам осы ауруға шалдыққан.

Демек, бұл көрсеткіш 16 пайызға артып отыр. 

Бұл туралы бүгін ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина айтып берді.

«А» вирусты гепатиті Шығыс Қазақстандағы 6 аудан тұрғындарынан анықталды. Барлық сырқаттанғандардың 78 пайызы — ересектер. Бірақ жасөспірімдер мен балалар арасында да жұқтыру жағдайлары бар. Облыста осы вирусқа қарсы жаппай иммундау жүргізілуде», — дейді ол.

Азаматтардың келесі санаттары вакцинациялауға жатады: екі жасқа дейінгі балалар, «А» вирусты гепатиті ошақтарында байланыста болған 14 жасқа дейінгі балалар, созылмалы «В» және «С» вирусты гепатиттерімен ауыратын 14 жасқа дейінгі балалар. 

«Вакцинация — „А“ гепатитінің алдын алудың маңызды және тиімді әдісі. Ал ұзақ мерзімді тенденцияларды қарастыратын болсақ, соңғы 20 жылда аймақта гепатит ауруы айтарлықтай төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 2,5 адамды құрап отыр», — дейді Сәуле Слямғазина.

Соңғы жаңалықтар
telegram