Шығыс Қазақстанда алғаш рет ауыл мектебі спутниктік интернетке қосылды

шығыс
Фото: Үлкен Нарын ауданы әкімдігі

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстанда облысында алғаш рет ауыл мектебіне «Starlink» спутниктік интернеті қосылды.

Үлкен Нарын ауданының Сенное ауылының жалпы білім беру мектебіне «Starlink» спутниктік интернеті орнатылып, іске қосылды. ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл өңірдегі 170 мектепке осындай интернет орнатылады деп жоспарланған. 

Шығыс
Фото: Үлкен Нарын ауданы әкімдігі

«Дегенмен сол мектептерге кейін толыққанды ғаламтор желісі жүргізілетін болады. «Starlink» қазірде сапасы жағынан алда тұрған желілердің бірі. Оның жылдамдығы секундына 120 мбит және одан жоғары болуы мүмкін. Сондай-ақ, оның іске қосу жолы да жылдам», - делінген ақпаратта.

Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметовтың айтуынша, Сенное ауылында бүгінгі таңда 255 адам тұрады. Бұрын бұл ауылда мүлде интернет болмаған. 

Шығыс
Фото: Үлкен Нарын ауданы әкімдігі

«Облыс бойынша алғашқы спутниктік интернет біздің аудандағы мектепке іске қосылғанына ризамыз. Жалпы білім беретін осы мектепте барлығы 31 оқушы оқып жатыр. Енді интернет қосылған соң олардың сапалы білім алуына, қажетті ақпаратқа қол жеткізуіне жағдай жасалады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар