Шығыс Қазақстанда аязға байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күрт суытуына байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Kazinform.   

Шығыс Қазақстанда аязға байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Kazinform

12 желтоқсанда сағат 18.00-ден бастап республикалық маңызы бар тасжолдың 3 учаскесінде қоғамдық көліктердің және дизельмен жүретін автокөліктердің қозғалысына тыйым салынды.

«Атап айтқанда, «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-102 шақырымында «Өскемен-Риддер-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында, «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-166 шақырымында шектеу енгізілді», - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ дәл осындай көлік түрлеріне облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 17-145 шақырымында, «Үлкен-Нарын-Күршім ауылы» тасжолының 0-135 шақырымында, «Шемонаиха-Секисовка» тасжолының 0-54 шақырымында, «Күршім-Қалжыр» тасжолының 0-131 шақырымында сағат 20.00-ден бастап қозғалысқа тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар