Шығыс Қазақстанда биыл өндірісте 36 жазатайым оқиға болды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері өндіріс орнында 36 жазатайым оқиға болды. 

Шығыс Қазақстанда биыл өндірісте 36 жазатайым оқиға болды
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл өндірісте 60 жазатайым оқиға болып, соның салдарынан 66 адам зардап шеккен.

«8 адам қаза болды. 36 адам ауыр жарақат алып, 23 адам жеңіл жараланды. Өндірістегі жарақат деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға төмендеген», - делінген ақпаратта. 

Жазатайым оқиғалардан кейін полиция қызметкерлері 59 іс қозғаған. Нәтижесінде, 85 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Екі қызметкер жұмыстан шығарылып, екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Еске салсақ, тамыз айында Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертіс» шахтасында 4 адам қаза болған еді.

Соңғы жаңалықтар