Шығыс Қазақстанда бруцеллез өршіп кетті – фейк

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында бруцеллез өршіп кеткені жайлы ақпарат тарады. Бірақ бұл шындыққа жанаспайтын болып шықты. 

фейк
Фото: Kazinform

Соңғы күндері әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында 30-дан астам адамның бруцеллез дертіне шалдыққаны жайлы ақпарат тарап кетті. Онда әсіресе Алтай және Үлкен Нарын аудандарында ауырғандардың көптігі, инфекцияның өршуіне байланысты төтенше жағдай енгізіліп, сыртқа ет шығаруға тыйым салынатындығы туралы жазылған. 

Алайда ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді. 

«Тарап жатқан бұл хабарлама шындыққа мүлде жанаспайды. Бүгінде Алтай және Үлкен Нарын аудандарында адамдар арасында бруцеллезге шалдыққандар жоқ. Сондай-ақ медициналық мекемелерден шұғыл дерек түспеді», - делінген ведомство өкілдері таратқан хабарламада. 

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда тұмау жұқтырғандар саны 5,6 есе артқаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар