Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне байланысты тасжолдардың бірі жабылады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тасжолдардың бірі жабылмақ.

 Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне байланысты тасжолдардың бірі жабылады
Фото: freepik.com

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың біріне қар көшкіні түсуі ықтимал.

– Бүгін сағат 20.00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының учаскесінде (Тайынты мен Самар ауылдарының арасы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынады, - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында бір күнде екі рет қар көшкіні жүргені хабарланған.