12:00, 12 Наурыз 2024 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсіріледі
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жасанды жолмен қар көшкіні түсірілетінін ескертті.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкіні бүгін сағат 11.00-де түсіріледі.
«Облыстық маңызы бар «Өскемен-Алтай» тасжолының 58-66 шақырымында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілетінін ескертеміз. Осыған орай көлік жүргізушілерінен жүрер жолды алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.