Шығыс Қазақстанда қар көшкініне қарсы жаңа тәсіл қолданылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет қар көшкініне қарсы «Daisybell» жүйесі сыналды.

Шығыс Қазақстанда қар көшкініне қарсы жаңа тәсіл қолданылды
Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен-Самар» тасжолының 95-102 шақырымындағы қар көшкіні қаупі бар 5 учаскеде «Daisybell» жүйесінің сынағы сәтті өткізілді. Ол үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы тартылды.

Шығыс Қазақстанда қар көшкініне қарсы жаңа тәсіл қолданылды
Фото: ШҚО ТЖД

Бұл қондырғы тікұшаққа кабель арқылы бекітілген металл конус. Құрылғының жұмыс принципі конустағы азот-сутегі қоспасыны жарылысы арқылы қарды қозғайды.

— Қазақстанның таулы жерлерінде көшкін қаупі жоғары 619 учаске бар. Жыл сайын мамандар қар көшкінінің алдын алу үшін жасанды жолмен 150-ге жуық рет қар көшкінін түсіреді. Алматы қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының қауіпті учаскелерінде жалпы көлемі 14 мың текше метр қар түсірілген 26 профилактикалық көшкін түсіру жұмыстары жүргізілді, — дейді «Қазселденқорғау» ММ басшысы Ерболат Садырбаев.

Шығыс Қазақстанда қар көшкініне қарсы жаңа тәсіл қолданылды
Фото: ШҚО ТЖД

«Daisybell» сияқты жаңа технологиялар көшкінге қарсы жұмыстарда тұрақты қолданылатын болады. Бұл таулы аудандарда қар көшкінін болдырмауға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстанда қар көшкініне қарсы жаңа тәсіл қолданылды
Фото: ШҚО ТЖД

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілгені хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар