Шығыс Қазақстанда картоп тапшылығы жоқ
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында картоп тапшылығы байқалмайды.

Былтыр Өзбекстан мен Ресейде өнімнің аз жиналуына байланысты картопқа қатысқы дүрбелең басталған. Ресейде картоп қымбаттауына байланысты Павлодар кәсіпкерлері көрші елге картоп жөнелтіп отырған. Осыған орай таяуда Қазақстан үкіметі араласып, экспортқа тыйым салды.
ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда облыста картоп әлеуметтік бағамен тұрақтандыру қорының 25 нүктесінде және «Ертіс» ӘКК-мен меморандум жасаған 41 сауда орнында сатылып жатыр. Әлеуметтік картоптың бағасы - 125 теңге.
- Өңірде картоп тапшылығы болған жоқ, дүрлікпе қолдан жасалынған. «Алтай» көтерме-үлестіру орталығының мамандары картоп жеткізу бойынша келісімшарттар жасау үшін Павлодар облысына барды. Сондай-ақ дүйсенбіден бастап бұл көкөністі Өскеменге Риддердегі шаруа қожалықтарының бірі 210-215 теңге бағамен жеткізе бастайды, - дейді ол.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан қалаларында картоп бағасы қанша тұратынын жазғанбыз.