Шығыс Қазақстанда көбелектің сирек кездесетін түрі анықталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы аумағында көбелектің сирек кездесетін түрі анықталды.

көбелек
Фото: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен ұсынған мәліметке сүйенсек, ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімі жоспарлы дала жұмыстарын жүргізген.

Соның барысында бөлім мамандары Зоология институтының энтомология зертханасының ғылыми қызметкері, доктор Сергей Титовпен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысында сирек кездесетін көбелектің түрін анықтады. 

«Көбелектің бұл түрі - Хелис пардалина деп аталады. Ол Зайсан шұңқырының аумағында Ашутас шатқалында тіркелді. Бұған дейін бұл көбелек тек оңтүстік-шығыс және батыс Қазақстан мен Түрікменстанда мекендейді деп көрсетілген. Біз бұл көбелекті табиғатта суретке түсіріп үлгердік. Фотосуреттер мен сканогафиялар бар ғылыми мақала Еcologica Montenegrina журналына жіберілді», - дейді ұлттық парк қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар