21:18, 19 Қаңтар 2025 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда пневмонияға шалдыққандар саны күрт артты
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында соңғы 1 жарым айда пневмонияға шалдыққандар саны күрт артып отыр.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері облыста пневмониямен ауырған 600-ден астам науқас тіркелді.
- 2024 жылдың 1 желтоқсанынан осы уақытқа дейін пневмонияға 1963 адам шалдыққан. Өткен жылдың және оның алдыңғы жылдың сәйкес кезеңінде облыстың тек 886 тұрғынынан пневмония анықталған болатын, - делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, науқастар санының артуы диагностиканың жақсаруымен байланысты болып отыр. Пациенттердің көбіне аурудың бактериялық түріне қатысты диагноз қойылған.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да бір жылда 100-ден астам адам туберкулезге шалдыққаны хабарланған.