Шығыс Қазақстанда шаруа қожалығында 150 тонна пішен жанып кетті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы шаруа қожалығында ірі өрт болды. 

Шығыс Қазақстанда шаруа қожалығында 150 тонна пішен жанып кетті
Фото: Видеодан алынған скрин

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Зайсан ауданындағы Бекбай учаскесіндегі шаруа қожалықтарының бірінде өрт шыққан. 

— Хабар түсе салысымен өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Сол кезде пішен жанып жатты. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай сөндірілді. Өрттің шаруашылық қора-жай мен басқа да ғимараттарға таралуына жол берілмеді, — делінген ақпаратта.

Барлығы 150 тонна пішен жанып кеткен. Әзірге өрттің нақты неден шыққан белгісіз. Департамент мамандары тексеру жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, таяуда дәл осы Зайсан ауданында ірі дала өрті болған еді

Соңғы жаңалықтар