03:40, 14 Наурыз 2024 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда тағы да қар көшкіні түсірілді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді.

Бүгін «Қазселденқорғау» мекемесі облыстық филиалының мамандары ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, кезекті рет профилактикалық қар көшкінін жүргізді.
«Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолында қар көшкінінің өздігінен жүру қаупі артқан. Осыған орай тасжолдың 5 учаскесінде жарылыс жасалып, 7900 текше метр қар түсірілді. Көшкін жолды ішінара жауып тастады. Жолшылар қарды тазартып, автокөлік қозғалысы қайта жанданды», - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осы ретте, ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.