Шығыс Қазақстанда тасжолдарды қызыл су басты

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында бірнеше тасжолды қызыл су басты.

ШҚО-да жолды су басты
Фото: ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аудандық маңызы бар Күршім-Ақсуат жолының 7-шақырымында және Күршім-Қалжыр жолының 19-шақырымында қызыл су жиналып, жолға шығып кеткен.

«Күршім-Ақсуат жолындағы көлік қозғалысы шектеліп, қызыл су басқан жол бөлігіне жаңа су өткізгіш құбыр тартылды. Содан кейін көлік қозғалысы қайта жанданды. Өткен жылдары дәл осы учаскелерде қызыл су жиналған жағдай болмаған», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта мәселе шешіліп, көліктер қатынауда.

Соңғы жаңалықтар