Шығыс Қазақстанда жұмыртқа бағасы тұрақты

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Бүгінде аймақта І-санатты жұмыртқаның 10 данасы 570 теңгеден сатылып жатыр. Сондай-ақ, жұмыртқа тапшылығы да байқалмайды.

жұмыртқа
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

«Ертіс» ӘКК» АҚ ақпараты бойынша, кәсіпкерлерге несие беру арқылы бағаны тұрақтандыратын арнайы механизм ойластырылған.

жұмыртқа
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінгі күнде Өскемен қаласы бойынша 24 павильонда жұмыртқаның 10 данасын 570 теңгеден сатып алуға болады.

Аталмыш тауар жақын маңдағы аймақтардан жеткізіліп жатыр. 

жұмыртқа
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, қысқа мерзімге бағаны тұрақтандыру жүйесі арқылы жергілікті тұрғындардың жұмыртқа өніміне деген сұранысы анықталып, бұл жұмысты 11 ақпанға дейін жалғастыру жоспарланды.