20:28, 13 Ақпан 2025 | GMT +5
Шығыс Қазақстандағы жолдардың бірінде көлік қозғалысына тыйым салынды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысына тыйым салынды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 13.30-дан бастап өңірдегі тасжолдардың бірі жабылды.
- Күннің бұзылуына, нақты айтқанда тұман түсіп, боран соғып, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты облыстық маңызы бар «Шемонаиха-Секисовка» тасжолының 0-56 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда биыл қанша шақырым және қандай жолдар салынғаны жайды жазғанбыз.