«Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшылар тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform Ақордаға сілтеме жасап. 

қолбасшы
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Ал Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

Ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Мереке Мәтімұлы Көшекбаев та «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.