Шығыста Алтай қаласының әкімі сайланады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының әкімі сайланады. 

Госслужащий депутат мемқызметкер документ  құжат
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Алтай ауданының орталығы Алтай қаласының әкімін сайлау 16 ақпанға белгіленген. Бұл туралы аудан әкімдігінен мәлім етті.

— Әзірге сайлауға түсетін кандидаттар белгіленген жоқ. Алтай қаласы бойынша 20 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде үшеуі жабық. Ал нақты қанша сайлаушы дауыс бере алатындығы әзірге есептелмеді, — деп Kazinform тілшісіне аудан әкімдігінен мәлім етті.

Айта кетейік, 2023 жылы Алтай ауданы әкімінің сайлауы өткен. 45 844 адамның ішінен 28 232 дауыс жинаған Ренат Құрмамбаев аудан басшысы болып сайланған еді.

Еске салсақ, осыған дейін Мемлекет басшысы кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген қауесетке қатысты пікір білдіргені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар