Шикізат биржаларында мұнай бағасы құбылып тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы әртүрлі қалыптасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шикізат биржаларында мұнай бағасы құбылып тұр

Лондондағы ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,06 долларға төмендеп, 66,44 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,5 долларға қымбаттап, бір баррелі 56,09 доллар болды.