Шикізат қоры туралы API деректері бойынша мұнай бағасы төмендеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Американың мұнай институты (American Petroleum Institute, API) жариялаған шикізат қорының өсуі туралы мәліметтер шығысымен, мұнайдың әлемдік бағасы төмендей бастады, деп жазды ресейлік РИА Новости агенттігі.

Шикізат қоры туралы API деректері бойынша мұнай бағасы төмендеуде

Мәскеу уақытымен таңғы 7:09-да Brent мұнайының баррелі  қазан айына фьючерстері 0,02% - 44,97 долларға түсті. WTI маркалы мұнайының қыркүйек фьючерстері 0,14% - 42,71 долларға төмендеген.