Шілде айында Астанада тепловоз құрастыру зауыты ашылады ? С.Ахметов

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2009 жылы шілде айында Астана қаласында тепловоз құрастыру зауыты пайдалануға берілмек.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өткен ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісінде аталмыш ведомствоның басшысы Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің сөзіне қарағанда, «Дженерал Электрик» компаниясымен бірлесіп ашылатын аталмыш кәсіпорын жылына 100 локомотив шығаратын болады. Жоба аясында шамамен 700 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. «Сондай-ақ Екібастұз қаласында жобалық қуаттылығы жылына 2 500 ашық вагон болатын вагон жасау зауытын және Алматы қаласында бір жылда 100 жолаушы вагонын шығаратын осындай өндірісті ашу көзделіп отыр», - деді С.Ахметов.
Соңғы жаңалықтар