18:41, 08 Тамыз 2015 | GMT +5
Шілде айында елордада 520 ұйым мен кәсіпорын тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық статистика департаментінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың шілде айында 520 кәсіпорын мен ұйым тіркелген.
Жаңадан тіркелген субъектілердің негізгі бөлігі «Алматы» (52,3%) және «Сарыарқа» (27,1%) аудандарында шоғырланған. «Есіл» ауданының үлесі 20,6%құрап отыр.
Жаңа заңды тұлғалардың 495-і жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген (ары қарай-ЖШС). Бұдан бөлек, тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың 15-і қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, 4-і мемлекеттік кәсіпорындар, 2-еуі заңды тұлғалар бірлестігі болса, 2-еуі мекеме, 2-еуі тұтынушы кооперативі болып табылады.
Статистика бойынша, тіркелген заңды тұлғалар жетекшілерінің арасындағы ерлер саны 370, әйелдер 150-ді құрап отыр. Осы уақыт аралығында жабылған кәсіпорындар арасында ерлер 434, әйелдер 100 болған, деп хабарлайды astana.kz.