Шілде айында инфляция 0,2 пайызды құрады - Статистика

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың шілде айында еліміздегі инфляция 0,2 пайыз деңгейінде болды.

Шілде айында инфляция 0,2 пайызды құрады - Статистика

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, өткен айда азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға баға 0,1 пайызға, ақылы қызметтер бағасы 0,3 пайызға өскен. Өткен айда республика бойынша бағаның өсуі орташа алғанда қызылшаға 1,8 пайызды, күрішке - 1,6, сәбізге -1,5, картопқа - 1,3, ұнтақ жармаға - 1,2, қантқа - 0,9, бас пиязға 0,6 пайызды құрады. Сонымен қатар, минерал сулар 0,4 пайызға, кондитер өнімдері 0,3 пайызға қымбаттаған.

Ал баға төмендеуі қызанаққа 12,3 пайызды, тәтті бұрышқа - 12,1, қиярға - 11,5, қырыққабатқа - 5,8, жұмыртқаға 3,7 пайызды құрады. Ал шикі сүт 1,5 пайызға, қара құмық жармасы - 1,2, күнбағыс майы 0,3 пайызға қымбаттаған. Көлік қызметінің бағалары 0,9 пайызға өссе, шаштараз бен жеке қызмет көрсетулер, денсаулық сақтау қызметтерінің бағасы - 0,4, мейрамхана мен қонақүйлер қызметінің бағасы - 0,3, демалыс пен спорттық шаралар бағасы 0,2 пайызға артқан. Ал пошта қызметі 1,9 пайызға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтері бойынша кәріздер мен суық суға баға 1,1 пайызға, баспананы ұстап тұруға 0,2 пайызға артса, қоқыс шығару бағасы 0,3 пайызға төмендеген.