16:13, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Шілде айында ҚР азаматтарының банк жүйесіндегі депозиттерінің жалпы көлемі 5,3 пайызға ұлғайды
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Шілде айында ҚР азаматтарының банк жүйесіндегі депозиттерінің жалпы көлемі 6284,4 миллиард теңгені құрай отырып, 5,3 пайызға (жылдың басынан 16,2 пайыз) ұлғайды.
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық Банк төрағасы Г.Марченко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Г.Марченконың мәліметінше, заңды тұлғалардың депозиттері де 4655,4 миллиард теңгеге дейін немесе 6,8 пайызға, жеке тұлғалардың депозиттері 1629,1 миллиард теңгеге дейін немесе 1,4 пайызға ұлғайған.Ұлттық валютадағы салымдар 3429,7 миллиард теңгені құрай отырып, 5,2 пайызға ұлғайған.Ал шетел валютасындағы депозиттер 2854,8 миллиард теңгеге дейін 5,5 пайызға өскен. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы өзгерген жоқ, өткен айдағы 54,6 пайыз деңгейінде қалып отыр.Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары шілдеде 1658,4 миллиард теңгеге дейін 1,4 пайызға ұлғайған.