Шілде айында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 4,6 пайызға төмендеді - Статистика агенттігі

АСТАНА.  1 тамыз. ҚазАқпарат - 2012 жылғы шілдеде өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 4,6 пайызға төмендеді.
None
None

Статистика агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылғы шілдеде маусым айымен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 6,7 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде - 0,9 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, өндірілген өнім 5 пайызға арзандап, өндірістік сипаттағы қызметтер - 0,2 пайызға қымбаттады.

Бұдан бөлек, өткен айда бағаның сұйытылған пропан мен бутанға 15,9 пайыз, керосинге - 12,5 пайыз, мұнайға - 9,4 пайыз, дизельдік отынға - 6,5 пайыз, мазутқа - 3,2 пайыз, бензинге - 2 пайызға төмендеуі тіркеліп, керісінше табиғи газға бағаның 1,9 пайызға, металл кендеріне - 1,8 пайызға, көмірге - 0,3 пайызға жоғарылауы белгіленген. Сонымен қатар, бір айда баға алюминийге - 17,5 пайыз, қорғасынға - 7,7 пайыз, өңделмеген мырышқа - 4,5 пайыз, қара металдар илегіне - 2,5 пайызға төмендеді, ал ферроқорытпаларға - 2,5 пайызға, мысқа - 1,5 пайызға жоғарылады.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, бидай ұны - 2,7 пайыз, өсімдік майы - 1,2 пайыз, балық - 1 пайыз, құс еті - 0,9 пайыз, макарон өнімдері - 0,5 пайыз, жармалар - 0,3 пайызға қымбаттады. Ал сүт өнімдері мен мал етіне баға 0,2 пайызға арзандаған.

Соңғы жаңалықтар