Шілде айындағы инфляция 0,1 пайызды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,1 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Шілде айындағы инфляция 0,1 пайызды құрады

Атап айтқанда, шілдеде баға азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге 0,3 пайызға өссе, азық-түлік тауарларына - 0,2 пайызға төмендеген.

Мәселен, өткен айда республика бойынша орташа баға өсімі құс етіне 4,3 пайыз, жұмыртқаға - 4,2 пайыз, күрішке - 3,8 пайыз, қантқа - 2,6 пайыз, ұнға - 2,2 пайыз, шайға - 1,7 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, бағаның сұлы жармаға - 1,6 пайызға, салқындатылған сусындарға - 1,2 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне - 1,1 пайыз, консервіленген сүтке - 1 пайызға, ұнтақ жармаға, шұжық, ет өнімдеріне - 0,9 пайыздан, кондитерлік өнімдерге - 0,8 пайызға, нанға, макарон өнімдеріне, мәйекті ірімшікке - 0,7 пайыз, сары майға, өсімдік-сары майына - 0,6 пайыздан, балық және теңіз өнімдеріне - 0,4 пайыз, қышқыл сүт өнімдеріне - 0,3 пайызға артқандығы белгіленді.

Сонымен бір мезгілде бағаның төмендеуі картопқа 19,9 пайыз, жаңадан жиналған көкөністерге - 7,8 пайыз, жаңадан жиналған жемістерге - 1,6 пайыз, шикі сүтке - 0,6 пайыз, күнбағыс майына - 0,4 пайызға тіркелген.

Бұдан бөлек, шілде айында фармацевтикалық өнімдер - 1,1 пайыз, үйге қажетті заттар - 0,4 пайызға, киім және аяқкиім, жуғыш және тазалағыш құралдар, жеке пайдалануға арналған тауарлар, тұрмыстық аспаптар - 0,3 пайыздан қымбаттады.

«Сондай-ақ, баға деңгейі почта қызметтеріне 2,4 пайыз, кешенді демалыстарды ұйымдастыруға - 1,8 пайыз, санаторилер қызметтеріне - 1,7 пайыз, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша - 1,2 пайыз, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 1,1 пайыз, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының - 0,7 пайызға, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлік және қалааралық автобус жолақысына - 0,4 пайызға жоғары болды. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері бойынша тасымалданатын газ бағасы 2,8 пайызға, ыстық суға - 0,3 пайызға, қоқыс шығару қызметі 0,2 пайызға өскен», - деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.