Шілдеде 77,5 мың адам жұмысқа қабылданып, 79,6 мыңы орындарын босатты - Статистика
АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес, ағымдағы жылғы шілдеде ірi және орта кәсiпорындарға, сондай-ақ ұйымдарға 77,5 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 79,6 мың адам жұмыстан кетті.
Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
«Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар саны 84,5 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 3,6 пайызды, басқа себептер бойынша 11,9 пайызды құрады»,-делінген ведомство мәліметінде.
- Ағымдағы жылғы шілдеде жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,4 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,4 пайызды, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 2,1 пайызды қамтыды. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 97,4 пайызды құрады.