17:10, 15 Тамыз 2021 | GMT +5
Шілдеде алтын-валюта резервтері қалай өзгерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова биыл шілде айындағы алтын-валюта резервтерінің шілдедегі динамикасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала деректер бойынша алтын-валюта резервтері бір айда 76 млн АҚШ долларына шамалы азайып, биылғы жылғы 30 шілдеде 35 млрд АҚШ долларын құрады. Резервтердің төмендеуі еркін айырбасталатын валютадағы активтердің қысқаруы есебінен орын алды», - деді ол.
«Екінші жағынан, алтын портфелінің өсуі ЕАВ-дағы активтердің төмендеуін толықтай теңестіруге мүмкіндік берді. Әлемдегі коронавируспен күрестегі күрделі жағдай және әлемдік экономиканың белгісіз даму перспективалары аясында алтынның бағасы шілдеде бір унция үшін 1 828 АҚШ долларына дейін 4%-ға өсті, ал Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің құрамындағы алтын портфелі 959 млн АҚШ долларына өсті», - деді Әлия Молдабекова.