Шілдеде бағалар қалай өзгерді?

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы шілде айында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 1,4 пайызға жоғарылады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Шілдеде бағалар қалай өзгерді?

Атап айтқанда, ағымдағы жылғы шілдеде маусыммен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 1,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде - 0,8 пайызға жоғарылап, өндірілген өнім - 1,5 пайыз, өндірістік сипаттағы қызметтер 0,9 пайызға қымбаттаған.

«Бұдан бөлек, өткен айда бағаның бензин 5 пайызға, мұнай- 2,1 пайыз, газ конденсаты - 1,8 пайыз, сұйытылған пропан мен бутан - 0,7 пайыз, мазут және көмір 0,6 пайыздан жоғарылауы, сонымен қатар, металл кендері 0,4 пайызға төмендеуі тіркелген.

«Баға қара металдар илегі 2,7 пайыз, асыл металдар - 1,6 пайыз, өңделмеген алюминий - 0,8 пайыз, ферроқорытпалар - 0,4 пайызға жоғарылап, мырыш - 11,7 пайызға, қорғасын 3,8 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, бағаның құс етіне 12,8 пайыз, бидай ұнына - 1,7 пайыз, қара бидай ұнына - 1 пайыз, өсімдік майы мен нанға - 1,3 пайыздан, сүт өнімдеріне - 0,7 пайызға жоғарылауы, маргаринге - 3,3 пайыз, балыққа - 0,8 пайыз, макарон өнімдеріне 0,6 пайызға төмендеуі байқалды», - делінген баспасөз хабарламасында.