Шілдеде Байқоңырдан екі ұшырылым жүзеге асырылады
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында коммерциялық ұшырылымдар және Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасы бойынша ұшырылымдарды жүзеге асыру науқаны аясында жұмыстар жалғастырылуда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
14 шілде күні «Канопус-В-ИК» жерді қашықтан зондтаудың ресейлік серігін және шағын серіктердің кластерін ұшыру үшін «Фрегат» үдеткіш блогы бар «Союз-2.1а» зымыран тасығышын ұшыру белгіленді.
Сондай-ақ 2017 жылғы 28 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына кезекті ұзақ экспедиция экипажымен «Союз МС-05» көліктік басқарылатын кеме ұшырылуы тиіс.